Алматыда әжесін қасақана өлтірген жігіт 12 жылға сотталды
Алматы қалалық прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиғадан кейін жүргізілген сот-медициналық сараптама әйелдің өлімі техникалық электр қуатымен зақымдану нәтижесінде пайда болған жедел жүрек-тамыр және тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болғанын көрсеткен.
Сот-өрт-техникалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өрттің себебі ретінде ұзартқыштың электр сымы жұмысының авариялық режимінің туындауы аталған. Сот сараптамаларының нәтижелерін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.
Алайда қылмыстық іс материалдарын зерделеу, қайтыс болған адамның туыстарының уәждерін бағалау нәтижелері бойынша Медеу ауданының прокуратурасы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастай отырып, қосымша тергеуге бастамашылық жасады. Қадағалау органының нұсқауы бойынша мәйітті эксгумациялау жүргізіліп, комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды, бірқатар басқа тергеу әрекеттері жүргізілді. Алматы қаласының прокуратурасы
Қосымша сараптаманың қорытындысы бойынша, қадағалау органының мәліметінше, өлімнің себебі мойынның қолмен қысылуымен механикалық асфиксия болғандығы анықталды. Қайтыс болған адамның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді.
Ол сол күні отбасылық жанжалдың салдарынан дене жарақатын алып, содан кейін әжесін өлтіргенін айтып, мойындады. Үйде болған ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың іздерін жасыру үшін ол әдейі өрт шығарған. Алматы қаласының прокуратурасы
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кісі өлтіргені, сондай-ақ мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.