Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Аөтөбе облысы, көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 20:17 Сурет: polisia.kz
16 тамыз күні Ақтөбе облысы аумағындағы Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында жан тәсілім етті, тағы төрт адам емдеу мекемесіне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Газель» жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы жолда қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан Тoyota Camry автокөлігіне соғылды, деп жазды polisia.kz ақпараттық порталы.

ЖКО салдарынан Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, төрт жолаушы Темір аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Сурет: polisia.kz

Қазір бұл жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: