«90 млн теңге жымқырды» деп айыпталған Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары ақталды
Ол жаңа жылдық шыршаны безендіруге бөлінген 90 миллион теңге көлеміндегі қазына қаражатына қымбат шетелдік көлік мініп, қалған ақшаны сыбайластарымен қолды қылды деп айыпталған еді, деп мәлімдеді «Астана».
Бұл іс бойынша қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы мен екі бірдей мердігер мекеме басшысы да қамауға алынды.
Жаз айында сот үкімімен екі шенеунік 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін дәлелдердің жеткіліксіздігін алға тартып жоғарғы сот қылмыстық істі қайта қарауға жіберді.
Арада бір жылдан астам уақыт өткенде Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақтау үкімін шығарды.
Ақтөбе облысы сотының баспасөз хытшасы Гүлжанар Отарбаеваның мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары Аубакиров, Досов, Дуйсенби, Жанасбаев және Мустафинге қатысты жеткілікті дәлелдемелер ұсынбағандықтан, сот сотталушыларды кінәсіз деп танып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуының дәлелденбегені үшін ақтады.