Жаңалықтар тізбегі
0

Ақталып шыққан Ақтөбе әкімінің орынбасары Қаржы министрлігінен 12 млн теңге өндіріп алды

Жангелді Әубәкіров, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 19:56 Сурет: gov.kz
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров Қаржы министрлігінен 12 млн теңгеден астам шығынын өтеп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров 2020 жылдың сәуір айында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

2021 жылдың маусымында шенеунік билігін асыра пайдаланғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Әубәкіров сот залында қамауға алынды, бірақ тамыз айында колониядағы жаза мерзімі төрт жыл бас бостандығын шектеумен ауыстырылды.

Соған қарамастан, сотталушы әділдік іздеуді жалғастырып, кассациялық шағым түсірді. 2022 жылдың мамыр айында әкім орынбасарына қатысты іс жаңа сот талқылауына жіберілді. Бұл жолы тергеу Жангелді Әубәкіровтің құқық бұзушылыққа қатысы барын дәлелдей алмады.

Бүгін, 2023 жылы 10 наурызда жеті жылға сотталып, кейін ақталған экс-шенеунікке келтірілген залал өтелді, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

"Ол үшін қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды оңалту және өтеу құқығы танылды. Сот шешімінің негізінде ол Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне қалпына келтірілді. Жоғарыда аталғандарды және соттан инфляцияны ескере отырып, ол өзіне 22 946 419 теңге мөлшерінде жоғалтқан жалақысын өтеуді сұрады".Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысымен өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды.

Апелляциялық сатыдағы соттың 10.03.2023 жылғы қаулысымен арыз ішінара қанағаттандырылып, ҚР Қаржы министрлігінен Ж.Е.Аубакировтың пайдасына оны қылмыстық жауапкершілікке тарту және заңсыз соттау салдарынан келтірілген мүліктік зиян 12 404 702 теңге сомасында өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: