Алматыда тұрғын үй кешені уақытында тапсырылмады: үлескер құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге өндіріп алды

Новостройка, новостройки, новые дома, новый дом, жилые комплексы, ЖК, квартиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 09:50 Фото: Zakon.kz
Алматы тұрғыны сатып алған пәтеріне уақытында қоныстана алмағаны үшін құрылыс салушыдан 10 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғарғы соттың 2026 жылғы 14 қыркүйекте хабарлауынша, Алматы тұрғыны 2021 жылы құрылыс салушымен пәтер, тұрғын емес үй-жай және автотұрақ орнын сатып алу жөнінде үш алдын ала шарт жасасқан.

"Сатып алушы олардың құнын толық төлеген. Құрылыс салушы құрылыс жұмыстарын аяқтап, 2023 жылдың соңына дейін негізгі сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндеттенген. Алайда нысан іс жүзінде 2024 жылғы қазанда ғана пайдалануға берілді. Қабылдау-тапсыру актілеріне 2025 жылғы қаңтарда қол қойылып, негізгі сатып алу-сату шарттары 2025 жылғы наурызда жасалды. Осыған байланысты сатып алушы сотқа жүгінді", – деп хабарлады сот.

Сатып алушы құрылыс салушының нысанды пайдалануға беру және негізгі шарттарды жасасу мерзімдерін бұзғанын көрсетіп, міндеттемелерді кешіктіріп орындағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп беруді талап етті.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Алайда азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот мұндай ұстаныммен келіспеді. Сот негізгі шарттың жасалуы құрылыс салушыны оған дейін жіберілген шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

"Сатып алушы төлем бойынша өз міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындаған. Ал құрылыс салушы нысандарды пайдалануға беру және негізгі шарттарды жасасу мерзімдерін бұзған. Сонымен қатар шарттарда құрылыс салушының жауапкершілігі көзделген: сатушы мерзімі өткен әрбір күн үшін жылжымайтын мүлік құнының 0,1%-ы мөлшерінде, бірақ жалпы соманың 10%-ынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді", – деп түсіндірді Жоғарғы сот.

Нәтижесінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың актілері күшін жойды. Құрылыс салушыдан 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы жаңа шешім қабылданды.

Бұған дейін "Қазақстанның тұтынушылар ұлттық лигасы" жылжымайтын мүлік сатып алу мәмілелерінің қандай қауіп-қатері барын және олардан қалай сақтануға болатынын түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: