Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жігітті пышақтаған бойжеткен сотталды

Павлодар, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 23:59 Сурет: Zakon.kz
25 мамырда түн ортасында М. Жүсіп көшесінде жігіт пен қыз жанжалдасып, қыз жігіттің асқазанына пышақ сұғып алды. Осы қылмыстық іс бойынша бүгін сот үкімі шықты деп хабарлайды Zakon.kz.

22 жастағы айыпталушы негізгі жазадан бөлек, мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды, деп мәлімдеді pavlodarnews.kz тілшісі.

Мас күйде болған қыз жанжал кезінде ер адамның асқазанына пышақ сұғып алған. Жігіт ауруханаға түсті.

Қыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айыпталды.

Сотталушы Павлодар қаласының прокурорымен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келісім жасап, сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды – мойындауын ескерді. Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазаға кесілді, – деді Павлодар қаласының №2 сотында.

Бұдан бөлек, қыз қоғамдық орындарда жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Нақты қай жерде жұмыс істейтінін жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: