Алматы облысында иттерді қағып кетуден қашқан жүргізуші апатқа ұшырап, қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Қайғылы жағдай Жетіген ауылынан Нұра ауылына қарай шыға берісте болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала болжам бойынша, жолға иттер шығып кеткен. Жүргізуші иттерді қағып кетпеу үшін шетке қарай күрт бұрылғанда, рөлге ие бола алмай қалған.
Toyota Camry қарсы бағыт жолағы арқылы айналып барып, жыраға түсіп кеткен.Бар жылдамдықпен ағашқа соғылды.Ер адам жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Оның денесін көліктен облыстың құтқару қызметі шығарды.
Оқиға орнында жол полициясы мен анықтаушы жұмыс істеп жатыр.Сараптамалар тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



