Жетісайда ата-анасы екі кішкентай баласын құлыптаулы көлікке қалдырып кеткен

Жетісай, сәби, қыз, көлік, диагностикалық орталық, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 23:37 Сурет: pexels
Ерлі-зайыптылар диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін 10 минуттай ғана уақытқа кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлерге Жетісай қаласының тұрғыны хабарласып, қала көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен сәби жалғыз қалғанын мәлімдеді, деп жазды Ішкі істер министрлігінің ақпарттық порталы.

Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде балалардың ата-аналары анықталып, жауап алынды.

Қазір нәресте мен 5 жасар қыздың жағдайы жақсы, ата-анасының жанында.

Тәртіп сақшылары кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: