Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды
Сурет: Zakon.kz
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы жатақханалардың бірінен өрт шықты. Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Өрт 18 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомсвто өкілдерінің мәлімдеуінше, 30 тамызда 12:26-да Өрт сөндіру қызметіне Алаш тас бойы 9 мекенжайынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Жедел түрде өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты жатақхананың бөлмесінде үй жиһаздары өртеніп жатқанын анықтады. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерімен, оның ішінде Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші Жузбаев Мураттың көмігімен өрт орнынан төрт адам құтқарылды, – деп жазылды Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 22 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Жатақхана тұрғындары өрт сөндірушілерге өртті жедел жою және құтқару үшін алғыстарын білдірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript