Әулиекөлде өрт жалмаған аумақтың ауданы 43 мың гектарға жетті

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2022 10:45 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бір күн бұрын өрттің жалпы ауданы 9 400 гектарды құрағаны айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі өрт осымен үшінші күн сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді.

Жергілікті елдімекеннің 5 тұрғыны, соның ішінде біреуі бала және бір орманшы, бір әкімдіктің қызметкері, сондай-ақ ТЖМ-ның 3 қызметкері жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат пен күйік алып, уланды.

Мыңдаған адам эвакуацияланды. Шұғыл байланыс желісі іске қосылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: