Қостанай облысындағы өрт: Зардап шеккендер саны артты
5 қыркүйек сағат 20.00-гі жағдай бойынша, Қостанай облысындағы 5 учаскеде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бжәне Калинино ауылдары ауданында) өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті. Оның ішінде 85-і - Аманқарағай ауылында және алтауы Озерный ауылында.
Өртті сөндіруге құрамында 224 техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. ҚР ТЖМ Шұғыл штабы
11 адам (халықтың 6 адамы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.
Суағар құрылғылары үшін тікұшақтармен су алу табиғи су қоймасынан 25 км қашықтықта жүргізіледі, өрт сөндіру басталған сәттен бастап 109 су ағызу жүргізілді.
«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында жоғары температура 31 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 7 м/с дейін жетеді.
4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107 257 га.
ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түсті. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. Консультативтік көмек 57 адамға көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды. ҚР ТЖМ Шұғыл штабы
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына және Қостанай облысы әкімінің жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешіміне қол қойылды.
Өрт сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, 2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығы территориясынан өрт шықты. 4 қыркүйекте өрт шарпыған аумақ көлемі 43 мың гектардан асты.