Павлодарда достарынан көз алдына суға кеткен спортшы жігіттің денесі табылды
Сурет: Zakon.kz
Павлодарда алты күн бұрын Ертіске батып кеткен футбол жаттықтырушысының денесі табылды. Жігіттің денесін Ақсуға шығатын көпірдің астынан балықшы кездейсоқ байқап қалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Роман Богдановтың денесін балық аулап жүрген адам кездейсоқ байқап қалған. Қаза болған адамның денесі 10 қыркүйекте сағат 16:53-те судан шығарылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, 5 қыркүйекте «Ертіс» футбол командасының жаттықтырушысы 1995 жылы туған Роман Богданов достарының көз алдында жағадан құлап кеткен Жас жігіт балық аулау кезінде жағадан аяғы тайып, өзенге құлаған. Қасында достары болған. Жас жігіттің денесін полицейлер, еріктілер, ТЖМ құтқарушылары, және оның достары мен туысқандары іздестірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript