Полицейлер Павлодардағы браконьерлерден тоннадан астам балық тәркіледі
Сурет: polisia.kz
21 қыркүйекте Қарасора көлінде жүргізілген рейд барысында полицейлер үш көлікті ұстады. Volkswagen Transporter көлігінен 367 келі мөңке балығы, УАЗ көлігінен 370 келі балық, Lexus-тан тағы 339 келі балық табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 1 тонна 76 келі болды. Келтірілген шығын көлемі - шамамен 2 миллион теңге.
Әр көліктен Қытайда жасалған резеңке қайықтар мен балық аулауға тыйым салынған мононеткалар тәркіленді. Облыстыұ Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров
Ер адамдардың балық аулауға қатысты құжаты болмаған. Олар Май аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.
Жыл басынан бері павлодарлық полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаудың 6 фактісін тоқтатты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript