Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматы марафонында" мәре сызығын кесіп өткен ер адам көп ұзамай көз жұмды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2022 14:28 Сурет: almaty-marathon.kz
Бүгін, 25 қыркүйекте Алматы қаласында өтіп жатқан "Алматы марафонында" мәре сызығын кесіп өтіп, құлай кеткен 47 жастағы Рүстем Садықов көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жайт туралы ақпарат "Алматы марафоны" сайтында жарияланды.

Мәре басында болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, марқұм Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден сылқ етіп құлаған.

Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті "Қазақстанның Қызыл Жарты Ай" еріктілері көрсетті, ары қарай жүрек-өкпе реанимациясы (тікелей емес жүрек массажы, ауа өткізгішті пайдаланып Амбу қапшығымен тыныстату, бірнеше рет дефибрилляция жасау, адреналин инъекциялары) қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бастапқыда жүрек іске қосылып, синус ырғағы пайда болды, бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта ұстады. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдем көлігінде жасалды. Сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады. "Алматы марафонының" бас дәрігері Оразбек Сахов

Марқұмның жақындарының айтуынша, ол жүгіру жарысына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Сәуір айында Алматы жартылай марафонына, 2021 жылғы Алматы марафонына да қатысып, 10 шақырым қашықтыққа жүгірген.

Оқыс жағдай сағат 09.35-те орын алды. Рүстем 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, тіркелу кезінде оған 8743 нөмірі бұйырған. "Алматы марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева

Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Олар марқұмның денесін Астана қаласына тасымалдауға көмектесетіндерін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: