Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматы марафонында" бақилық болған ер адамның кім екені белгілі болды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2022 17:47 Сурет: Samruk Energy
Рүстем Садықов мәре сызығын кескен соң сұлап түскен. Оның өлімінің нақты себебі соттық-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Самұрық-Қазына" қорының ұжымы 25 қыркүйкте 47 жасында дүниеден озған "Самұрық Энерго" және QazaqGaz компанияларының тәуелсіз директоры Рүстем Садықовтың жақын туыс-жекжаттары мен әріптестеріне көңіл айтады.

Рүстем Ғалымұлы - табысты еңбек жолы бар білімі жоғары, кәбіи білікті маман. Халықаралық компанияларда жұмыс істеген. Тәжірибесі мол. Ол өзіне сенімді көшбасшы әрі адал қызметкер болып әріптестерінің мәңгі есінде қалады. Оның орны ойсырап, бізге үнемі білініп тұрары анық. Иманды болсын!, делінген қор хабарламасында.

Айта кетсек, Рүстем Садықов Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден сылқ етіп құлаған. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдем көлігінде жасалды. Сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді.

Рүстем Садықов 1975 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Анкара университетін, Лондон экономика мектебін тәмамдадаған. Grant Thornton халықаралық ұйымының серіктесі болды, KPMG-да салық және заң практикасының басшысы лауазымын атқарды.

"Самұрық-Энерго" компаниясында тәуелсіз директор, аудит жөніндегі комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды. Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің, стратегиялық жоспарлау комитетінің де мүшесі.

2022 жылдың 27 мамырда компанияның тәуелсіз директоры болып сайланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: