Тараздағы оқушы өліміне қатысты тағы бір болжам айтылды
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте күндіз болған. Белгілі болғандай, жасөспірім 12-қабаттың балконына шығып, сол жерде біраз уақыт отырып, гитара тартып, музыка тыңдаған, деп мәлімдеді КТК .
Хатты да сол жерде отырып жазған болуы керек. Онда жасөспірім отбасы мен сүйіктісінен кешірім сұраған.
Қазір полицейлер болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқаларын қарастырып жатыр. «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жасөспірім мектеп басшылары тарапынан жасалған қысымға шыдай алмады деген де болжамдар айтылады. Басшылыққа, сыныптастарының айтуынша, баланың ұзын шашы ұнамаған. Бірақ мектеп бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Тараз қаласы №24 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Оксана Бояринованың айтуынша, оқушы таңертең сабаққа келмеген, олар оны іздеген. Кейін ол мектепке келгенде қобалжып тұрғандай болған.