Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік көпбалалы әке Аягөзде қызмет орнынан өлі табылды

Офицер өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 09:50 Сурет: Zakon.kz
Семейдегі әуе қорғанысы әскери бөлімінде қызмет атқарған офицер Бақытжан Әріпжанның денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұмның туыстары 41 жастағы рота командирінің орынбасары болған Бақытжан өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейтінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери салада 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп, капитан дәрежесіне жеткен Бақытжан Құлыбекұлының туыстары оны суицид жасады дегенге сенбейді. Өйткені ер азамат өмірге ерекше құштар болған. Осыдан екі жыл бұрын Бақытжанның қызметі Түркістан облысынан Семейге ауысыпты. Бірақ, туған жеріне қайта ауысуға әрекет жасап, бұйрығын күтіп отырған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бұл жерде бір топтардың өзара бір шешілмеген мәселелері бар. Ол бұл жақтан барған. Ол ана жақтағы топтарға кірмеген білуімізде. Өйткені ол ондай жұмыспен айналыспайды. Содан кірмеген соң, олар оны лажы болса шеттету керек болған, көзін құрту керек болған. Ол Шымкентке ауысу керек болған. Егер ол Шымкентке келсе құпиялары жария болып кете ме деп, көзін құртқан мәселе болып тұр. Мен солай ойлаймын. Марқұм офицердің әкесі Құлыбек Әріпжанов

Бақытжан Әріпжан қайтыс болардан бірер сағат бұрын қарындастарының бірімен бейнеқоңырау арқылы сөйлескен екен. Үш жастағы қызына қайырлы таң тілеп, аман-саулықтан соң, әңгімені қысқа қайырыпты. Кейін хабарласармын деп тұтқаны қойғаннан соң, арада 2-3 сағат өткенде суыт хабар жеткен.

Ал қаралы хабар келмес бұрын Бақытжанның телефонынан әйеліне Жанар Хамитованың орындауындағы «Қоштаспайықшы» әні жіберіліпті. Туыстары бұған да күмәнмен қарап отыр. Ал әскери бөлімдегілер болса, Бақытжан Әріпжан кезекшіден тапанша алып, қару тазалайтын бөлмеде басына оқ атқанын айтқан.

Офицер бізде - Аягөзде қаза тапты. Ол бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Және де қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан сол тексеріс жүргізіліп жатқандықтан, қандай да бір артық ақпарат бере алмаймын. Семейдегі № 31767 әскери бөлімінің командирі Айбол Өтегенұлы

Аягөз қаласынан жеткізілген мәйітке марқұмның туыстары бөлек сот-медициналық сараптамасының өткізілуін талап етіпті. 102 нөміріне қоңырау шалып, полицияға қойған талап-тілектің нәтижесінде Шымкентте де сараптама жасалған көрінеді.

Аталған жайт бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында марқұмның туыстары күмәнді жағдайлардың барлығын жан-жақты тексеруді талап етіп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: