Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды ​​облысында әйел мен қызының өліміне қатысты тың деректер айтылды

Қарағанды облысы, орман, секта, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 12:19 Сурет: pixabay
Қарағанды ​​облысында әйел мен оның 7 жасар қызы орманда өлі күйінде табылды. Немересі мен шөбересінің өліміне қатысты күтпеген деректі олардың әжесі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Еуразия" арнасының мәліметінше, саяжай тұрғындар тауып алғанға дейін мәйіттер бір апта бойы орман алқабында жатқан. Марқұмдардың әжесінің айтуынша, немересі сектаға кіріп кеткен.

Оның сөзінше, немересі салауатты өмір салтын ұстанған. Ол Украинада дүниеге келген, кейін әжесіне Қазақстанға көшіп келген, мұнда сүйіктісін кезіктіріп, қызды болған. Дәм-тұзы жараспай, күйеуімен ажырасып кеткен соң, қызымен әжесінің қолына көшіп келіп, көп ешкіммен араласпай, жалғызілік күн кешкен, тіпті жеті жасар қызын мектепке де бермеген. Қызын көзінен таса қылмаған.

Зейнеткердің айтуынша, немересі босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырап, көмектен бас тартқан.

Біраз уақаттан кейін немересі қызын алып, кетіп қалған. Әйел күйеуімен татуласты деп ойлаған. Баланың әкесі қызына қаржылай көмектесіп тұрған.

Әжесі немересі қайтыс болар алдында хаттар келгенін, бірақ оны тығып қойғанын айтты.

Құрбым "ол сектаға кіріп кетті, енді оны құртатын болды" дейтін. Жуынатын бөлмеден үлкен майшамдар көрдім. Марқұмның әжесі

Полицейлердің мәліметінше, бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2,3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: