Түркістан маңында автобус пен "Газель" соқтығысып, бір адам қайтыс болды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 13:59 Сурет: видеодан скриншот
Түркістан облысында Самара-Шымкент тас жолында "Газель" мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Апат салдарынан автобустың бір жолаушысы қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 13 қазан күні сағат 8:00 шамасында болған. Хабарлама Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп түскен. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Апат салдарынан автобустың бір жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы бесеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Қарсы жолаққа шығып кеткен Газель жүргізушісі ұсталғаны атап өтілді.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Түркістан облысында ер адам 280 шөп прессі бар жүк көлігін өртеп, өртті бақылағаны хабарланған еді. Көлік Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі. Келтірілген шығын көлемі - шамамен 6 миллион теңге. Тәртіп сақшылары ер адамның мас болғанын анықтады. Оның өрт қою себебі анықталмады. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: