Қызылордада біреудің Mercedes-Benz көлігін айдап кеткен әйел ұсталды
Сурет: pixabay
10 қазан күні Қызылорда қаласының тұрғыны полицияға Mercedes-Benz көлігін ұрлап кеткенін айтып, шағымданған. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ұрлықшы 30 жастағы келіншек болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript