Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әуежайында контрабандалық жолмен әкелінген бірнеше iPhone 14 тәркіленді

Алматы әуежайы, контрабанда, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 17:56 Сурет: almaty.kgd.gov.kz
Алматы әуежайында iPhone 14 және iPhone 13 маркалы декларацияланбаған ұялы телефондарды, сондай-ақ Macbook және AirPods сынды жалпы саны 70 дана тауарды Дубай – Алматы бағыты бойынша заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, контробандалық әрекетті 2022 жылғы 12 қазанда Алматы қаласы бойынша МКД "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасымен және Алматы шекара қызметімен бірлесіп анықтаған.

Ұсталған 70 дана тауар уақытша сақтау қоймасына ауыстырылды және материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабына сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында кедендік бақылаудың күшейтілгенін хабарлады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 "жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешіміне сәйкес, жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жатқызу критерийлері бойынша, бір тұлғаға екі талдан аспайтын ұялы телефондарды әкелу рұқсат етіледі.ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: