Алматы облысында таудағы өрт саяжай маңына жақындады
Сурет: Zakon.kz
17 қазанда Алматы облысындағы Райымбек ауылдық округіне қарасты Көклайсай саяжайы маңында шөп өртенді. Облыстық ТЖД мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт туралы хабарлама кезекші бөлімшеге сағат 10:00-де түскен.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына ТЖД мен Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің 32 қызметкері жіберілді.
Сағат 10:39-да тау беткейінде шамамен 10 гектар аумақта шабындық шөрп өртенгені анықталды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Баспасөз қызметі Көклайсай саяжайы маңында өрт сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатқанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript