Талдықорғанда ЖШС аумағында газ жарылды, зардап шеккен адам бар
Сурет: Instagram/shygysqaz_tjd
22 қазан күні таңертең Талдықорған қаласының тұрғындары түрлі ауданнан әлеуметтік желі арқылы қатты соққыға шағымданды. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Zakon.kz-ке оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Басқарманың мәліметінше, "Желтоқсан" ЖШС аумағындағы жеке бөлме – күзет үйінде газ-ауа қоспасы пайда болып, нәтижесінде 1982 жылы туған күзетші зардап шекті.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, болжам бойынша оның денесі 10-12% күйген. Қазір жағдайы тұрақты.
Алдын ала болжам бойынша, оқиға табиғи газдың шығып кетуіне байланысты болған. Салдарынан 50 шаршы метрді алып жатқан аумаққа зардабы тиді және 20 шаршы метр аумақта заттар тұтанды.
Газдың шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен ТЖБ тергеушілері, сонымен қатар "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript