Қорғаныс министрлігі өз ведомствосы ғимаратында болған өрттің себебін атады
Сурет: видеодан алынды
ҚР Қорғаныс министрлігі өз ведомствосының ғимаратындағы өрттің алдын ала болжанған себебін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство 29 қазанда сағат 13:25-те ҚР Қорғаныс министрлігі ғимаратындағы кабинеттердің бірінде кеңсе жиһазының өртенгенін нақтылады.
Алдын ала болжанған себеп – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, алдында Қорғаныс министрлігінің ғимаратындағы кабинеттердің бірінде кеңсе жиһазының өртенгені, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпығаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript