Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында жалпы құны 22 млн теңгедей болатын контрафактілі темекі тәркіленді

Ақмола облысы, заңсыз темекі өндірісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 10:16 Сурет: видеодан скриншот
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысының тұрғыны тиісті құжатсыз және сертификатсыз темекі сатумен айналысқанын мәлімдеді. Ол темекі өнімдерін өңір аумағында сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, контрафактілі темекі бұйымдары бар автокөлік тауарды Астанадан Ерейментау қаласына тасымалдау кезінде ұсталды. Оны күдікті бөлшек сауда дүкендері арқылы өткізбек болған.

Көлік құралын тексеру барысында жалпы саны 34 500 қорап темекі бұйымдары табылып, тәркіленді. Өңірлік МКД қорытындысына сәйкес, тәркіленген 37 150 қорап акцизделуге тиіс темекі өнімдерінің жалпы құны 22 млн теңгеге жуық.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттіктің мәліметінше, биыл наурыз-маусым айлары аралығында Гүлиев деген азамат тауардың сапасы мен шығу тегін растайтын құжаттарсыз темекі өнімін сатып алып, оны Астанада "Әмір" базарының аумағында, контейнерде сақтап, Ақмола облысының Ақкөл қаласында жалпы сомасы 775 000 теңгеге сатып үлгерген.

Сот үкімімен Р. Э. Гулиевке 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: