Елордада түзеу мекемесіне есірткі затын алып кірмек болған жас жігіт ұсталды
Сурет: Zakon.kz
ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу кезінде мекеме аумағына аяқ киіміне есірткі жасырып кірмек болған 20 жастағы Астана тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, күдікті мекеме аумағының өнеркәсіптік аймағында орналасқан зауытқа тапсырыс беруге барған.
Жігіттің жымысқы әрекеті түрме аумағына кіргізудің алдында қызметкелер тексерген кезде әшкере болды.
Тексеру барысында он аяқ киімінен политендік пакет табылып ішінен сұрғылт-жасыл түсті ерекше исі бар зат табылған. Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат "гашиш" есірткісы болып шықты.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Қазір жас жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл іс әркеттері үшін бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолдануы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript