Қарағандыда комиссия кеншілер опат болған шахтадан көмір күлінің бықсуын анықтады

Комиссия, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2022 18:00 Сурет: pixabay
Комиссияның жұмысы барысында кеншілер қаза тапқан Ленин шахтасында көмір күлінің бықсуы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы қызметіне жүгінген Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің тиісті бөлімшелері "осы бықсықты жою" үшін шақырылған.

От жоқ. Қазіргі уақытта ештеңе жанып жатқан жоқ. Шахта жабулы болып қала береді, - деді Иманқұлов.

3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада метан газы ауаға бөлініп, жарылыс орын алды. Апат кезінде жер астында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. Бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: