Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзарды

Төребаев пен Шерниязев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 12:44 Сурет: Facebook/Мейржан Туребаев, Instagram/make_sakevich
Қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға, 2022 жылдың 19 желтоқсанына дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық соты Zakon.kz-ке мәлім етті.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 18 қарашада сот шешімімен тергеу органдарының күдікті Төребаев пен Шерниязовқа «қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде болу мерзімін санкциялау туралы» өтініші қанағаттандырылды. Істі бір айға, яғни 2022 жылдың 18 желтоқсанына дейін ұзартты.

2022 жылдың 10 ақпанында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты «Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Олар 20 сәуірде 10 тәулікке қамауға алынып, 29 сәуірде қамау мерзімі екі айға ұзартылды. Артынша Төребаев пен Шерниязовты қамауға алу бірнеше рет, кейінгі рет 18 қарашаға дейін ұзартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: