Семейдің бас экологы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр
Сурет: Zakon.kz
Семейдің бас экологының алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны 23 қарашада экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы жарияланған жиында белгілі болды. Іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, шенеунік табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмауына ақша алды деп айыпталып отыр.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлімнің 2, 4-тармағына ("Алаяқтық мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам бірнеше рет жасаған алаяқтық, егер бұл оның қызмет бабын пайдаланумен байланысты") сай қаралып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript