Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырған алаяқтар қамауға алынды
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін мемлекеттік орган басшыларының сенімді өкілі ретінде таныстырған алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Антикордың айтуынша, алаяқтар тобы азаматтарды түрлі мәселені шешу үшін пара беруге итермелеу арқылы адастырып, ақшасын ұрлаған.
Топ мүшелерінің бірі Б.К.Абдикеримов соттың санкциясымен қамауға алынды. Тағы бір қатысушы М.Ж.Тұрановтың "Халықаралық полиция орталығының" генерал-майоры куәлігі тәркіленді.
"Қазір қылмыстық іс бойынша кешенді жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Аталған тұлғалардың басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріледі", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
19 қарашада Бақтияр Байсейітовке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаржысын жымқырды деген айып тағылып, іздеу жарияланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript