Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО полицейлері есірткі сайттарына жол сілтейтін 179 сілтемені бұғаттады

Хакерлік шабуылдардың жолы кесілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 16:49 Сурет: pixabay
СҚО полицейлері тыйым салынған заттарды саудалайтын ресурстарды анықтау үшін интернет кеңестікке мониторинг жүргізеді. Бұғаттау мақсатында анықталған сілтемелер ҚР ІІМ-ге жіберіледі.

Бұдан бөлек, есірткі сатушылар ақшалай сыйақыға, кейде бір доза үшін есірткіні жасырын жерге салып кетуге, сатуға, есірткі қылмыстарын жасауға дайын адамдарды тартуда. Бұндай хабарландыруларды да полицейлер бұғаттайды. СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бастығы Иван Терзидидің айтуынша, жыл басынан есірткінің заңсыз айналымына байланысты 179 сілтеме бұғатталған.

Олардың 30-ы облыс тұрғындарына келіп түскен. Адамдардың полицияға көмек көрсетіп, тыйым салынған заттарды таратуға қарсы күреске ат салысып жатқаны қуантады. Айта кететіні, қаңтар айынан интернет-дүкендердің жарнамасы бар 53 есірткі граффитиі боялды, оның 15-і тұрғындардан келіп түскен. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез-келген ақпаратты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының 8 (7152) 39-41-93 сенім телефонына немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі upn_dp_sko аккаунтының direct-не немесе “102” арнасына хабарлауға болады, – деп атап Иван Терзиди.

Қаңтар айынан полицейлер жастармен 500-ден астам кездесу, дәріс, дөңгелек үстелдер өткізді. Іс-шараларда тәртіп сақшылары синтетикалық есірткілер психиканы, ағзаны басқа есірткілерден гөрі жылдам бұзатыны туралы айтуда. Сондай-ақ есірткі сатқаны мен жарналамағаны үшін жазаның қатаңдатылғаны туралы да сөз қозғалады.

Есірткіні тарату қылмысының төменгі сатысында тұрған есірткіні жасырын жерге салып кететіндер үшін де 10 жылдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Психбелсенді заттарды жарналамау мен насихаттауға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан СҚО-да есірткіні сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды, оныі біреуі жарнамалау фактісі қолға түскен. Заңсыз айналымнан 412 келіден астам түрлі есірткі алынды, оның ішінде екі келіден астам синтетикалық есірткі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: