Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Өзбекстан елшілігін талқандаған ер адам бас бостандығынан айырылды

Бас бостандығынан айыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 17:02 Сурет: Zakon.kz
Астанада Өзбекстан елшілігінің ғимаратына кіріп кеткен ер адамға қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының №2 аудандық сотының мәліметінше, қаңтар айында Өзбекстан елшілігінің ғимаратына мас ер адам кіріп кеткен. Осыдан кейін ол елшіліктің мүлкін әдейі қиратып, бүлдірген. Соның салдарынан ірі көлемде материалдық шығын келтірілді.

Сот ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды. Елшіліктің пайдасына материалдық шығын өндірілді.

Сонымен бірге құқық бұзушыға бас бостандығынан айыру орнында алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: