Қызылорда облысында жеңіл көлік түйеге соғылып, бір адам қайтыс болды

Қызылорда, көлік апаты, түйе, жолаушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2022 11:54 Сурет: Қызылорда облысының полиция департаменті
16 желтоқсанда Қызылорда – Жалағаш тас жолында Mazda-626 көлігі түйеге соғылып, салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Түйенің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты, тағы бір адам медициналық мекемеге жатқызылды.

"2022 жылғы 16 желтоқсанда Сырдария ауданы аумағында "Қызылорда-Жалағаш" тас жолында Mazda-626 автокөлігінің түйені соғуы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды". Қызылорда облысының полиция департаменті

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: