Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 2 күнде 14 адам газдан уланып, 3 адам қайтыс болды

Елде 14 адам газдан уланған, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 14:46 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖМ мәліметінше, жылыту пешін орнату және пайдалану ережеcін бұзу - халық арасында улы газдан уланудың кең таралған себебі. Өткен тәулікте республика бойынша 14 адам nүрлі дәрежедегі улы газдан улану себебінен ауруханаға жатқызылып, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті азаматтар! Ықтимал қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі абай болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. ҚР ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет. ТЖ туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет", - деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.
  • Мысалы, 19 желтоқсанда Семей қаласында пешпен жылытылатын 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережесін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланып 1994, 1971 және 1997 жылдары туған 3 адам ауруханаға жатқызылды.
  • Сонымен қатар 19 желтоқсанда Астана қаласында пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде орташа ауырлықтағы улы газдан уланып, 1970, 1990, 1994, 2012, 2015, 2018 жылдары туған азаматтар ауруханаға жеткізілді.
  • 2022 жылғы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск кентіндегі орталық ауруханасына улы газдан улану белгілері бар 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Белгілі болғандай, апат жігіт ваннада болған кезде тазаланбаған мұржаның салдарынан болған.
  • Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жеке тұрғын үйде 18 желтоқсанда газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзғандықтан улы газдан уланып, ауыр жағдайда 1959 жылы туған үй иесі және 1990 жылы туған азамат, сондай-ақ 11 және 7 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды.
  • Оқиға орнына ТЖД-ның 1 қызметкері және "ҚазТрансГазАймақ"АҚ-ның 3 қызметкері барды.
  • Сонымен қатар Жамбыл облысында 19 желтоқсанда адамдардың өліміне әкеп соққан улы газдан улану оқиғасы орын алды. Қонаев ауылынан 40 км қашықтықта "Шәріпхан" шаруа қожалығында жеке тұрғын үйде, бұрын қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан, улы газдан уланып, 1965 ж.т, 1969 ж.т. және 2008 ж.т. отбасының 3 мүшесі қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамның 2 адамы мен 1 бірлік техникасы шықты.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: