Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын денсаулық сақтау вице-министрі тексерді
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, барлық балалар мамандардың қарауынан өтті, одан әрі емдеу тактикасы және науқастарды басқару келісілді. Туыстарына балалардың қазіргі жағдайы, ем-дом көлемі, зардап шеккендерге әрі қарай жүргізілетін шаралар туралы айтылды.
Белгілі болғандай, жаттықтырушының жағдайы ауыр күйінде қалып отыр, М.Оспанов атындағы БҚМУ көпсалалы облыстық аурухананың мамандары профессорлар құрамының қатысуымен кеңес өткізді. Сонымен қатар, пациентті одан әрі емдеу тактикасын келісу үшін Нейрохирургия орталығының (Астана) мамандарымен телемедициналық кеңес өткізілді.
Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған балалардың ата-аналары оқиғаның мән-жайын айтқан болатын
17 желтоқсанда Ақтөбе маңында балалар жаттықтырушымен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Бір бала қайтыс болды. Зардап шеккен бес адам жансақтау бөлімінде жатыр.
ЖКО фактісі бойынша Жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына қатысты іс қозғалды.