Ақсудағы ферроқорытпа зауытында слесарь-жөндеуші жарақат алып, мерт болды

Ақсу ферроқорытпа зауыты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 00:49 Сурет: kazchrome.com
Оқиға 2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 08:21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы​ балқыту цехында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зауыттың хабарлауынша, конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.

"Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен адам Ақсу орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам жан сақтау бөлімінде көз жұмды", - делінген жазбада. 

Оқиға туралы мемлекеттік мекемелерге хабарланып, тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Зауыт марқұмның отбасына барлық қажет көмек берілетінін жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: