Колумбияның әскери-теңіз флоты Тынық мұхитынан 4,5 тонна кокаин тәркіледі

Ірі есірткі контрабандасы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 13:49 Сурет: Zakon.kz
Колумбияның әскери-теңіз флоты Тынық мұхитынан 4,5 тонна кокаин тәркіледі. Тыйым салынған зат екі сүңгуір қайықтан табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі құны - 150 миллион доллар. Қайықтардан 7 адам ұсталды. Екеуі - эквадорлық. Ұсталмас бұрын олар су көлігін батырмақ болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда айла іске аспады. Колумбия әскери-теңіз флотына қылмыскерлерді ұстауға өзге елдердергі әріптестері көмектескен. Құрықталған адамдар мен есірткі - елдің Тумакодағы жағалау күзетіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.   

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: