Жаңалықтар тізбегі
0

Ақшолақов Екібастұздағы апат туралы: Президенттің сыны орынды

Ақшолақов ЖЭО жайында айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 15:07 Сурет: primeminister.kz
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Екібастұздағы жылу желілеріндегі апатты күрделі қателік деп атап, Энергетика министрлігі президенттің сынын қабылдайтынын және саланың мәселелерін заңнамалық деңгейде шешетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов Екібастұздағы жылу желілеріндегі ірі апаттың себебін бір адамның немесе бір ұйымның қателігі деп санауға болмайтынын атап өтті.

"Бұл үлкен қателік, сол жерде әлдебір станция бастығы немесе инженер кінәлі деп айтпас едім. Барлығының кінәсі бар. ЖЭО-ның өзінде (Екібастұзда. – Ред.) алдын ала мәліметтер бар, метрологияға, жүйедегі қысымды дұрыс көрсетпейтін есептеу аспаптарына байланысты проблемалар болды. Менің түсінуімше, сенсорлардың қате көрсеткіштерінен кейін қысымды арттыру туралы команда келді, бұл сәйкесінше жылу желілеріндегі қысымды арттырды, бұл олардың әбден тозғандығына байланысты шыдай алмады."  Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Ол Энергетика министрлігіне генерация, стансалар жауапты, ал жылу желілері қазірдің өзінде жергілікті билік пен коммуналдық қызметтің аумағы екеніне назар аударды. Соған қарамастан, мемлекет басшысының сынына ұшыраған министрлік жағдайды түзету шараларын әзірлеуге кірісті.


"Президенттің сыны орынды, ол қабылданды. Энергетикалық жүйені, оның ішінде жылу энергиясын кешенді басқару қажеттігі өзекті мәселе. Министрлік қазір заңнамаға энергетикалық қадағалау комитетін күшейтуді қарастыратын түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Түзетулер Парламентке ұсынылып, депутаттардың қолдауына ие болды". Болат Ақшолақов

Оның айтуынша, түзетулер сонымен қатар Энергетика министрлігі жанынан Атом энергетикасын қадағалау комитетін құру және жылу желілеріне кешенді бақылау жүйесін енгізуді де қарастырады.

27 қарашада түнде Екібастұз қаласының тұрғын үйлеріне жылу мен ыстық су беру ауқымды түрде тоқтатылды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.

4 желтоқсанда тұрғын үйлердің барлық жертөлелеріне жылу берілгені белгілі болды.

Желтоқсанның 20-сы күні Үкіметте өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы төтенше жағдайға қатысы барлардың барлығы жазаланады деп уәде берген еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: