Ташкент-Алматы рейсінің зардап шеккен жолаушылары туралы белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Air Astana әуе компаниясының КС128 рейсінің бортында болған оқиға салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның ішінде 4 жолаушы түрлі көгерген және күйік жарақаттарымен ауруханаға жатқызудан бас тартты. Оларға алғашқы медицина көмегі берілді.
Әуе лайнері Алматыға сағат 16:45-те қонды. Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медицина көмегін берді. Ұшқыштар оқиға туралы әуежай қызметіне хабарлаған. Көмек көрсету үшін жолаушылар жедел жәрдем көлігімен әуежайға жеткізілді.
Жабық мойын омыртқасының сынуы деген күдікпен Өзбекстан азаматы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Азаматтық авиация комитеті рейс жолаушыларына барлық көмек көрсетілетінін айтты. Оқиға дерегі бойынша уәкілетті органдар тексеру жүргізеді, оның нәтижесі кейінірек жарияланады.
2 қаңтар күні Ташкент – Алматы бағыты бойынша әуе кемесінің бортында қатты турбуленттілік орын алды. Ұшақ Астана уақытымен 14:35-те көтерілді. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына құлады. Бес жолаушы зардап шекті, оның төртеуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қазір бір жолаушы тексеруден өту үшін ауруханада жатыр.
Бұған дейін Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі БАҚ-қа оқиғадан зардап шеккен 7 адам туралы хабарлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript