Қазақстанда бүгін 65 жол учаскесі жабылып, блокпостарда 1 300-ге жуық көлік жиналған

4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 65 жол учаскесі уақытша жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 23:05 Сурет: polisia.kz
4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 65 жол учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның 35-і республикалық (Астана, ШҚО, Алматы - 2, Абай -5, Ақмола-3, Қостанай, Ұлытау, Жамбыл - 1, Жетісу - 4, Қарағанды - 9, Павлодар - 5) және 30-ы облыстық маңызы бар жол (Абай - 8, Ақмола - 9, ШҚО - 4, Жамбыл - 2, Жетісу және Түркістан - 5, Павлодар - 11).

Жолдарда төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Осыған ұқсас штабтар Абай, Жетісу, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Павлодар облыстарында жұмыс істейді.

Сурет: polisia.kz

Блокпостарда 1 290 көлік жиналған (Жамбыл обл. - 318, Қарағанды обл. - 579, Павлодар обл. - 123) Тәулігіне құтқару бөлімшелерімен 725 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала бар. 124 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. Эвакуациялау үшін 769 уақытша жылыту пункті дайындалды, 200 техника дайындықта тұр.

Уақытша жылыту пункттерінде 202 адам бар, 16-сы бала. Авариялық-құтқару жұмыстарына 4 163 адам және 1 343 техника жұмылдырылды (ТЖМ 307/93, ІІМ 192/77, ЖАО-2886/707, жол қызметтері - 778/466).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: