Астана мен Қарағанды арасындағы бірқатар жол учаскесі жабылды

2025 жылы 20 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің екі өңірінде бірқатар жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 16:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) жабылды.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" тас жолының 1505-1610 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
19 қаңтарда ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол тағы да жабылғалы жатқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript