Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде өрт сөндірушілер пәтерде шыққан өрттен 8 тұрғынды құтқарып, бір адамның мәйітін тапты

Өскемендегі өрт кезінде өрт сөндірушілер 8 тұрғынды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады Cурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі
6 қаңтарда сағат 20.48-де Назарбаев даңғылындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері бірінші кезекте баспалдақпен 8 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін басқан кіреберістен 10 адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтерде төсек-орын жанып кеткен. Үй иесінің 1980 жылы туған ұлының мәйіті табылды.

Өрт сөндірушілер 1984 жылы туған адамды құтқарып, оны қою түтін басқан пәтерден алып  шықты. Ол   жедел-жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Өскемендегі өрт кезінде өрт сөндірушілер 8 тұрғынды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады

Сурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің шығуына төсекте мас күйінде темекі шегу себеп болуы мүмкін деген болжам бар

"Сөндіру жұмыстарына барлығы 14 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін еске салады. Тұрғын үй-жайларда, әсіресе алкогольдік мас күйінде темекі шекпеңіздер", - делінген хабарламада.
Өскемендегі өрт кезінде өрт сөндірушілер 8 тұрғынды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады

Сурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз