Мұз ойылып, Жайық өзеніне батып кеткен ер адам осымен үшінші күн іздестіріліп жатыр
Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылдың 5 қаңтарында Атырау облысы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, екі адам су астына түсіп кеткен. Олардың бірін құтқару мүмкін болды. Ал екіншісін іздеу әлі де жалғасуда. Бұл туралы Zakon.kz-ға облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылдың 7 қаңтарында Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз ойылып, өзенге түсіп кеткен азаматтың денесін іздеу жұмыстарын ары қарай жалғастырды.
Айта кетсек, 2023 жылы 5 қаңтарда сағат 11:14-те Атырау қаласы Жұмыскер ауылы Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адам суға түсіп кеткен. Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен және Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 1974 жылғы К. С. құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Ал 1975 жылғы Б. А. деген азаматын су астынан іздеу жұмыстары әлі күнге жалғасуда.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 11 құтқарушысы, техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript