Түркістан облысында із-түзсіз кеткен қарияның мәйіті табылды

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен қарияның мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 10:38 Сурет: Zakon.kz
8 қаңтарда Шүрен төбе маңынан Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаевтың мәйіті табылды. Оны полициямен бірге іздеуге шыққан екі ауыл тұрғыны тапты. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz порталының жазуынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

5 қаңтарда Молдабек Игенбаев үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оны іздеуге полицейлер, еріктілер мен ауыл тұрғындары шықты.




Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: