Индонезияда күшті жер сілкінісі болды
Сурет: pixabay
10 қаңтар күні таңертең Индонезияда су түбінде күшті жер сілкінісі болды. Танимбар аралдарында он бестей ғимарат бүлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Индонезияның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің мәлімдеуінше, 7,5 балдық жер сілкінісі Танимбар аралдарының оңтүстігінен солтүстік-батысқа қарай 128 шақырым жерде орналасқан Банда теңізінде болды.
Тимор-Лестенің шығысындағы Танимбар аралдарында 15-ке жуық ғимарат бүлінді, кем дегенде бір адам зардап шекті.
Табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттік жер сілкінісін Танимбар аралдарының тұрғындары 5 секунд бойы сезінгенін, адамдар үйінен көшеге шығып кеткенін хабарлады.
20 минуттан кейін күші 5,5 баллға дейінгі дүмпулер тіркелді. Цунами қаупі болған жоқ.
Бұған қоса Аустралияның солтүстігінде 2800-ден астам адам жер асты дүмпулерін сезген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript