Алматыда жылдам тамақтану мейрамханасы орналасқан үй өртенді

Алматы, жылдам тамақтану орталығы, тұрғын үй, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 16:10 Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметі
12 қаңтарда Алматыдағы Абай даңғылында Орталық стадионға қарама-қарсы орналасқан үйден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Абай даңғылы, 89 мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау сағат 14:31-де түскен.


Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.

Келген құтқарушылар төрт қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққанын анықтады.

"Газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғын барлады, штабтың жұмысы жолға қойылды". Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ солтүстік-батыс жағынан өрт сөндіру сатысы іске қосылды.

Оқиға орнын полиция қоршауға алды.


Сурет: Zakon.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: