Жаңалықтар тізбегі
0

"Су шашпаңыз!". Автокөлік түтіндеп, өртене бастаса не істеу керек

Маман кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 21:24 Сурет: Астана қаласы ТЖД
Жыл басынан бері елордада көліктердің өртеніп кетуі күрт артты. Астана қаласы ТЖД мамандары қала тұрғындарына жолда жүру кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД көліктердің өртенуіне электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп болатынын атап өтті. 

Егер көлік қозғалыс кезінде өртенген болса, мынадай әрекеттерді орындау керек:

- көлікті дереу тоқтатып, жолаушыларды салоннан эвакуациялаңыз;

- 101 нөміріне қоңырау шалып, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;

- қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босату, аккумуляторды дереу ажырату және өрт сөндіргішті қолдану керек. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр сұйықтықты бірге алып жүргеніңіз жөн. Оның көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;

- қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолдаңбаңыз, ол электрсымдарының қысқа тұйықталуына және жанар-жағармайдың жануын өршітуі мүмкін;

- егер өрт көліктің артқы жағына таралса, дереу аулағырақ кетіп, бас сауғалаңыз;

- егер автокөлік гаражда өртенсе, оны сыртқа шығарып сөндіріңіз;

- егер сол сәтте қолыңыз не үстіңіз май немесе бензин болса, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: