Түркістан облысының тұрғыны танысының үйінен ет ұрлаған

Түркістан облысы, ет, ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 11:23 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының тұрғыны танысының үйіне қонаққа барып, 30 келі етін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде тұрған 30 келі жылқы етін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізген.

Келтірілген шығын көлемі – 75 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары хабар түскен бойда оқиға орнына жетті.

Орын алған ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жасады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ер адамды анықтады.

Ол жәбірленушінің танысы болып шықты. Белгілі болғандай, сезікті жәбірленушінің үйіне қонаққа келген.

Осы сәтте күдіктінің көзі жылқы етіне түсіп, алып кетуге арам ойы туындаған. Содан ойын іске асырып, еттің жартысынан көп бөлігін пайдаланып қойған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: