7 ақпандағы саудада доллар құны төмендеді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 16:05 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,67 теңгеге төмендеп, 456,98 теңгені құрағанаын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,28 теңгені (-0,25) құрады.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,43 теңгені (-0,06) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 492,81 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458-462 теңгеден, еуро 490-495 теңгеден, ресей рублі 6,25-6,5 теңгеден сатылуда.

Ал 7 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 2%-ға өсіп, барреліне $82,61 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 2,19%-ға өсіп, барреліне 75,73 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: