Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ: Сәбина Мамадиярова дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт болады

Сәбина Мамадиярова Сәбина Мамадиярова. Сурет: әлеуметтік желіден
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып, кейін үйінді астынан аман-есен табылған Сәбина Мамадиярованың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің консул Сәбина Мамадияроваға барды, оның денсаулығы жақсы. Оның зақымдалған қолына ота жасады. Дәрігерлердің айтуынша, ол әлі де олардың бақылауында біраз уақыт болуы керек".Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

Еске салайық, кеше, 11 ақпанда кешке Түркиядағы жер сілкінісі кезінде опат болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді

Сыртқы істер министрлігі мәйіттерді тасымалдауға кеткен көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алғанын хабарлады. 

Марқұм Мирболат Құрмашевтың жаназаcы Алматыда жексенбі, 12 ақпанда шығарылады. Бұл туралы оның ағасы Алмат Құрмашев хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: